ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді » Коммунальное государственное учреждение "Школа-гимназия №10" ОО по г. Усть-Каменогорску УО ВКО
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№10 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7232) 76-69-01
Есепші:
+7 (7232) 76-69-01
Версия
для слабовидящих
» » ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді
27
ақпан
2025

ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді

ШҚО-да балалардың құқықтарын қорғау үшін «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді

Шығыс Қазақстан облысында 2024 жылдың наурыз айында Telegram мессенджерінде (@VKO_URPAQ_BOT) іске қосылған «URPAQ» чат-боты жұмыс істейді. Бұл жоба балалардың құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

Чат-ботты қолдану ыңғайлы болу үшін сілтемесі бар QR-кодтар мектептерде, мемлекеттік мекемелерде және халық көп жиналатын орындарда орналастырылған. Сонымен қатар, ата-аналар чатына да жіберілген. Белсенді түрде насихаттаудың нәтижесінде қолданушылар саны 2025 жылғы 8 қаңтарда 7 986 болса, кейін 11 274-ке жетті.

Жоба іске қосылғаннан бері чат-бот арқылы 178 хабарлама қабылданды:
    •    36 – шұғыл көмек сұрау (SOS);    •    33 – буллинг (кемсіту, мазақтау) туралы шағымдар;    •    65 – психологпен сөйлесуге сұраныс;    •    19 – зорлық-зомбылық туралы деректер;    •    18 – бопсалау фактілері;    •    7 – дінге қатысты сұрақтар.
Чат-боттың көмегімен екі буллинг оқиғасының алдын алуға және жасөспірімдерге вейп сатқан Telegram-арнаны бұғаттауға мүмкіндік туды.

2024 жылдың қараша айында «URPAQ»-қа түскен шағымнан кейін полиция 16 жастағы жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол мектеп оқушыларына пышақпен қорқытып, ақша бопсалаған. Ал 2025 жылдың қаңтарында өгей қызын қорлап, ішімдік ішіп, жанжал шығарған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда «URPAQ» жобасын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бастама балаларға уақытында көмек алуға мүмкіндік беріп, аймақты қауіпсіз етуге ықпал етеді.
#БалаларқауіпсіздігіЗаңменТәртіп




В ВКО работает чат-бот «URPAQ» для защиты прав детей

В Восточно-Казахстанской области действует чат-бот «URPAQ», созданный в марте 2024 года в мессенджере Telegram (@VKO_URPAQ_BOT). Проект направлен на защиту прав детей, оперативное реагирование на нарушения, профилактику правонарушений среди несовершеннолетних и оказание психологической помощи.

Для удобства пользователей QR-коды с ссылкой на чат-бот размещены в школах, государственных учреждениях и местах массового скопления людей, а также разосланы в родительские чаты. Благодаря активной популяризации количество подписчиков увеличилось с 7 986 (на 8 января 2025 года) до 11 274 человек.

С момента запуска чат-бот принял 178 сообщений, из них:
    •    36 – экстренные сигналы (SOS),    •    33 – жалобы на буллинг,    •    65 – запросы на беседу с психологом,    •    19 – случаи жестокого обращения,    •    18 – факты вымогательства,    •    7 – вопросы, связанные с религией.
За время работы чат-бота удалось предотвратить два случая буллинга, а также заблокировать Telegram-канал, через который продавали вейпы подросткам.

В ноябре 2024 года после обращения в «URPAQ» полиция возбудила уголовное дело в отношении 16-летнего подростка, который угрожал ножом и вымогал деньги у школьников. В январе 2025 года был привлечён к административной ответственности мужчина, который, будучи в состоянии алкогольного опьянения, устраивал скандалы в семье своей падчерицы.

Работа по развитию проекта продолжается. «URPAQ» помогает сделать регион безопаснее для детей, предоставляя им возможность своевременно получить помощь и поддержку.
# ДетиподзащитойЗакониПорядок

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив