Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай
Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай кітапханамызда ұйымдастырылған "Әлем таныған Мұхтар" атты кітап көрмесін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жықбаева Гульмира Ерзаяновнаның жетекшілігімен 7"А" сынып оқушылары тамашалады. Онда классик жазушы,ғұлама ғалым М.Әуезовтың "Абай жолы" романының басты кейіпкері Абай Құнанбайұлының өміріне шолу жасалды. Оқушылар Абай Құнанбайұлы және Мұхтар Әуезов туралы құнды ақпарат алды.